Абай әлемі ұлт темірқазығы
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына, сондай-ақ, 5 қыркүйек - ұлт мақтанышы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне және Қазақстан халқының тілдері мерекесіне орай Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген «Абай әлемі ұлт темірқазығы» атты дәстүрлі облыстық ділмар шешендер байқауына қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты кітапхананың белсенді оқырмандары қатысып нәтижесінде № 1 кітапхананың оқырманы Аманкелді Шаттық 1- жүлделі орынды, № 12 кітапхана оқырмандары Бегайдарова Ақжүніс «Маржан сөз, қоңыр үн» номинациясын және Дастанқызы Ақерке , А.С.Пушкин атындағы кітапхана оқырманы Көпжасарова Ақбота алғыс хаттармен марапатталды. Кітапханамыздың белсенді , ізденімпаз оқырмандарына, ұстаздарына үлкен алғысымызды білдіреміз.







