Байқоңыр
Қалалық №8 кітапхана ұйымдастыруымен Байқоңыр қаласының қалай «Байқоңыр» аталғандығы туралы қазақ халқының аңызын дауыстап оқу көпшілік көрермен қауымға ұсынылды. Шараның негізгі мақсаты: халық ауыз әдебиетінің бір жаныры – аңыз әңгімелерді оқи отырып, өз еліміздегі қалалардың атауының шығу тарихын өскелең жас ұрпақтың санасына сыйғызып, тарихымызды жаңғырта отырып Отанын сүйетін жас ұрпақ тәрбиелеу.







