Батырлар жыры – рухани қазына
Ауыз әдебиетінің кең тараған түрі - батырлар жыры. Батырлар жыры ерлікті дәріптейді, халқымыздың басынан өткен тарихи оқиғалар мен тарихта болған батырлардың ерліктерін баяндайды. Ата- бабамыздан қалған өшпес мұра батырлар жырын жаттау, батырлар туралы әңгімелей отырып, оқырман балалардың дүниетанымын кеңейту, ерлікті, адалдықты, әділетті сүю,әдебиетке деген сүйспеншілігін арттыру мақсатында №13 балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Батырлар жыры – рухани қазына» атты онлайн жыр сағаты өткізілді.







