Еңбек мерекесі - елдің берекесі
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қыркүйек айының соңғы жексенбісін Еңбек күні деп белгіледі. Елбасының 2013 жылғы 22 қарашадағы Жарлығы бойынша Қазақстан күнтізбесінің Еңбек күні жылда аталып өтуде. Атаулы мерекеге орай № 1 кітапханада «Еңбек мерекесі - елдің берекесі» атты тақырыбындағы онлайн кездесу кеші өткізілді. Кездесу кешіне Тасбөгет кент Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, еңбек ардагері Тобағабылов Олжабай Жүсіпұлы және Облыстық мәслихаттың депутаты, Тасбөгет кенті «Қызылода су шаруашылығы директоры» Нұрымбетов Жорабек Ибрагимұлы қатыстырылды. Шараның мақсаты: Аға буын еңбек ардагерлері мен жастар арасындағы ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру және жастарды еңбекке баулу. Жергілікті еңбек ардагерлерінің ерен еңбектерін насихаттау.







