«Ұстаздың оралуы» романы
Жүйеге қарасты №19, 16, 14 кітапханалардың ұйымдастыруымен жастар орталығында «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романы бойынша кітап талдауы болып өтті. Шарада кітапханалардың белсенді оқырмандарымен қатар жастар қатысып шығарма туралы ой-пікірлерін кеңінен ортаға салды.







