Әбу Насыр әл - Фараби және оның рухани мұрасы
№20 кітапханада Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай «Әбу Насыр әл - Фараби және оның рухани мұрасы» атты 3 беттен құрастырылған онлайн ауызша журнал өткізілді. Журналдың алғашқы беті «Әбу Насыр әл-Фараби кім?» деп аталып, бұл бетте ұлы ойшыл, энциклопедист-ғалым, әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірбаяны айтылды, ал журналдың «Өлмейтін өсиеттері немесе ұлы ойшылдың еңбектері» деп аталатын екінші бетінде дүние жүзіне мәшһүр ғалым-хакімнің еңбектері жайлы мәліметтер, үшінші бетте оқырмандарға кітапхана қорындағы Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбектері, ғалымның өмірі мен шығармашылығы жайлы әдебиеттер мен мерзімді басылымдар жайлы ақпараттар берілді.







