Тарих көмбесін зерттеуші
№4 кітапханада тарих ғылымының докторы, Қазақстан ғылым Академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері Карл Байпақовтың туғанына 80 жыл толуына орай "Тарих көмбесін зерттеуші" атты онлайн таным сағаты ұйымдастырылды.
Карл Байпақов 22 монография, 200 ден астам ғылыми мақаланың, "Ежелгі және орта ғасырлардағы Отырар", "Великий Шелковый путь на территорий Казахстана", "Қазақстанның ежелгі қалалары" және тб. кітаптардың авторы. Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты, "Парасат" орденімен марапатталған.
Шарада Карл Молдахметұлының өмірбаяны,жеткен жетістіктері, археология саласындағы еңбектері жайлы ақпарат берілді.







