«Даланың дана арулары» атты кітабы
№14 кітапхана белгілі журналист Аршагүл Тойбай-Ақназардың «Даланың дана арулары» атты кітабын оқуға ұсынады. Бұл кітап аты айтып тұрғандай, Ұлы Даланы мекен еткен ежелгі халқымыздың сонау алыс ғасырлар тұңғиығынан бергі әр кезенде өмір сүріп, түрлі қоғамдық құрылыстардың дамуына әсер еткен біртуар арулар жөнінде сыр шертеді. Кітап «Абыз аналар», «Алашты аузына қаратқан арулар» деген тарауларға бөлініп жазылған кітаптың оқырман қауымға беретін тәрбиелік мәні зор. Журналист қазақтың белгілі жазушылардың, атақты адамдардармен жүздесіп, сұхбаттаса отырып көп ғибрат алған. Ана туралы алғаш хабар циклдарын жүргізген. Ана туралы, жалпы күш- жігері мол абыз аналарымыздың ақыл, ерлігін паш ететін өз еңбегін қалың оқырманға тарту етіп отыр.







