Семсер сөздің зергері
№20 кітапханада қазақтың көрнекті қаламгері әрі сатиригі Асқар Тоқмағамбетовтың 115 жылдық мерейтойына орай «Семсер сөздің зергері» атты онлайн әдеби дайджест өтті. Шара барысында әлеуметтік желі қолданушыларына қай тақырыпқа қалам сілтесе де көркем ойдың көкжиегінен көрініп, қалың оқырманның сүйіспеншілігіне бөленген ақынның өмірі мен шығармашылығы кеңінен таныстырылып, ақын жайлы естеліктер айтылды. Кітапхана оқырманы Марат Нұрлы сатира жанрының дамуына айрықша үлес қосқан ақынның «Қарлығаш пен қабан» атты мысал өлеңін оқыды.







