"Алтын орда хандары" атты кітабы
№5 Абай ауылдық кітапханасы Алтын Орданың 750 жылдығына орай Бегалин Қайраттың "Алтын орда хандары" атты кітабынан таныстырылым ұсынады. Кітапта Алтын Ордада билік құрған бізге белгілі барлық хандардың өмірі мен қызметіне қатысты мәліметтер жинақталған. Сонымен қатар кітаптан Шыңғыс хан мен оның жорықтары, Алтын Орданың құрылуы, онда билік жүргізген әмірлер жайлы да көптеген қосымша мағлұматтар алуға болады. Суретпен безендіріліп, жеңіл тілмен қызықты жазылған төл тарихымыз жайлы кітапты оқуға кеңес береміз.







