Топонимдік аңыздар
№20 кітапханада «Топонимдік аңыздар» атты танымдық сағат өткізілді. Елбасы Н. Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асып «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында жарық көрген «Бабалар сөзі» атты 100 томдық топтаманың 80-ші томы қазақ фольклорының ерекше бір жанры топонимдік аңыздарға арналған. Шара барысында әлеуметтік желі қолданушыларына топонимдік аңыздар жайлы мәліметтер айтылып, кітапхана оқырмандары Төребаева Инабат, Орынбасар Сабина, Орынбасар Әмина «Жұмбақтас», «Баянауыл», «Райымбек бұлағы» атты жер-су атауларының шығу тарихы жайлы әңгімеледі.







