Қазақ ғарышкерлері
№2 балалар кітапханасында «Қазақ ғарышкерлері» атты жұлдызды қазына ойыны өткізіліп, жас оқырмандар екі команда бойынша қызықты сайысқа түсті. «Ғарыштың кең байтақ әлемі» атты кітап көрмесі бойынша қызықты ақпараттарға қанығып, бейнероликтер тамашалады. Түрлі сұрақтарға ұтымды жауап берген белсенді топ қазынасына мол ұпай жинап жеңімпаз атанды.







