«Адасқандар» романы
№17 кітапханада қазақ әдебиетінің классигі Сәбит Мұқановтың «Адасқандар» романы бойынша оқырмандар конференциясы өтті. «Адасқандар» романы 1931 жылы жарияланып, романда суреттелген оқиғалардың бәрі де өмір шындығынан алынып, Бүркіт пен Бәтестің махаббатына арналды. Ескі заман мен әйел теңсіздігін Бәтес арқылы бейнелей отырып трагедиялық махаббат дастанын шынайы жеткізе біледі. . Жастарға екі жастың арасындағы шынайы махаббатын суреттеген шығарманы оқуға ұсынамыз.







