» » «Бестас» ұлттық тарихи-танымдық ойынs

«Бестас» ұлттық тарихи-танымдық ойынs

   №12 кітапхана және қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп «Коворкинг» орталығында  «Бестас» ұлттық тарихи-танымдық ойын  өткізді.  «Бестас» — өте көне дәуірден келе жатқан, қазақ халқының ұлт ойындарының бірі. Ол еңбек құралдары ағаш, тас, сүйек болып келетін ғасырларда пайда болған деп болжанады. Бұл ойынды кезінде жас өспірімдерден бастап ересек адамдарға дейін ойнаған екен. Ойынға керекті зат бес кішкентей домалақ тас, немесе кейде бес асық болып келеді. Ұлттық ойындар көшпелі халықты батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа тәрбиелейтін үлкен мектеп. Ежелгі ата-бабаларымыз ұлт ойындары баланың денсаулығын нығайтумен қатар, оның ақыл-ойын да жан-жақты дамуына зор  септігін тигізеді. Ойынға қатысқан епті балалар алғыс хаттармен марапатталып, балалардың ойынға қызығушылығы артты.


18 қараша 2020 ж. 14

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам