Өркениетке кітаппен

      23 сәуір - Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі қала тұрғындарына рухани азық сыйлады. Бұл жолы тұрғындар арнайы орындарға шақыртылмай-ақ қалаішілік №17 бағыттағы автобус ішінде жүріп «Өркениетке кітаппен» атты мәдени шараның куәсі болды. Кітапхананың белсенді де талантты жас оқырмандары К. Әбдіраманова, З. Қуаныш, Ж. Өтепбергенова, А. Алиш, Қ. Қалам, А. Көпешова, Ж. Нұрмұхамед, Т. Қанатқызы, Н. Жанадилов, М. Рысбай қазақ ақындарының өлеңдерін, ұлы Абайдың қара сөздерін жатқа айтып көптің қошеметіне ие болды. Кітапханашы Айжан Болатқызының орындауындағы әсем әндер мәдени шараның ажарын ашып, жолаушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар кітапханашылар әдеби автобустың жолаушыларына қызықты сауалдар жолдап, жеңімпаздарға сыйлықтар үлестірді. Кітапханалардың мекен-жайлары жазылған үн парақшалар таратылды. Игі іске қала тұрғындары өз ризашылықтарын білдірді. Әли Берденов ақсақал кітапхана жұмысына сәттілік тілеп, ақ батасын берді. 
       Әдеби автобустың тағы бір ерекшелігі тұрғындарға электронды кітапхана қарастырылған. Әрбір тұрғын смартфонына QR (кю ар-код) қосымшасын жүктеп, таңдалған кітаптарды көрсетілген штрих кодтар арқылы шығарманың электрондық нұсқасына қол жеткізді. Осылайша күтпеген жерден жолаушылар қызықты шараға куә болып, кітап оқуға, кітапханаға баруға деген  қызығушылықтары оянды. Шара соңында белсенді оқырмандар қалалық кітапханалар жүйесінің атынан Алғыс хатпен марапатталды.  

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам