Қызылорда сүйікті қалам
Қызылорда қала күні мерекесі аясында қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі қарасыты №2,18,13 кітапханалардың ұйымдастыруымен қала тұрғындары мен қонақтарына сүйікті қаламыз жайлы мәліметтер беру, мерекелік көңіл-күй сыйлау, жас ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру және кітап оқуды насихаттау мақсатында «Қызылорда сүйікті қалам» атты әдеби автобус ұйымдастырды. Бұл күні қала тұрғындары арнайы орындарға шақыртылмай-ақ қалаішілік №14 бағыттағы автобус салонында әдеби шараның куәсі болды.



