Кітап және интернет
№12 кітапхана коворкинг орталығында «Кітап және интернет» атты пікір-талас сағаты қала жастары арасында өткізілді. «Кітап адамның санасын, ақылын байытады, дүниетанымын кеңейтеді, жақсы кітапты оқу арқылы адамның сөздік қоры көбейіп, өз пікірін еркін жеткізеді»-деген пікірде жастардың ойлары бір арнада тоғысты. Сондай-ақ оқу логикалық ойлауды дамытып интернетті меңгеруіміз керек, пайдалы да қажетті ақпараттармен, ғибратты әңгіме, мәліметтерді пайдалана білу аса қажет, жақсыны үйреніп, жаманнан жирену, ішкі жан дүниесі бай, білімді де білікті, бәсекелестікке қабілетті азамат болу өз қолымызда деген тұжырыммен шара қорытындыланды.

