Әлем әдемі сіздермен

 №12 кітапхана «Коворкинг» орталығында 8 наурыз аналар мерекесіне орай «Әлем әдемі сіздермен» атты сырласу кеші өткізілді. Сырласу кешіне қоғамда түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген нәзік жанды жас аруларымыз - дәрігер, ұстаз, әскери қызметкерлер, мемлекеттік қызметші, жас спортшы, театр әртісі, кәсіпкер, бет-әрлеушілер қатысып,өз мамандықтарының қыр-сырын жастармен бөлісті. Динара Алмусаева академиясының визажисті А.С.Шайдазимова бетті әрлеу, әйелдерге әдемілік сыйлаудың қыры мен сырын айтып, шеберлік сабағын өткізді. Мағыналы бейнероликтер көрсетіліп, жастар караокеге қосылып ән шырқады. Қызықты сырға толы кездесу кеші жастарға мерекелік көңіл күймен қуаныш сыйлады. 

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам