Ата салтым – асыл қазынам
№12 кітапхана «Coworking» орталығында «Ата салтым – асыл қазынам» атты мерекелік кеш өткізіліп, Наурыз мерекесінің тарихынан мәліметтер берілді. Жас оқырмандар ұлттық салт дәстүрлерімізден көріністер көрсетіліп , асық ойыны, арқан тартыс, сақина салу, қол күрес, тоғыз құмалақ т.б ұлттық ойындар ойнатылды. Шараға № 1 мектеп гимназиясының 6 сынып оқушылары мен № 197 мектептің 3 сынып оқушылары белсене қатысып, ұлттық болмысымызды шынайы көрсете білді.
