Best youth book
№12 кітапхана коворкинг орталығында М. Мәметова атындағы жоғарылатылған педагогикалық колледждің ағылшын бөлімінің студенттері қатысуымен «Best youth book» интеллектуальды білімділер сайысы өткізілді. Жастар төрт топқа бөлініп, қазақ-шетел жазушыларының шығармаларынан қызықты сұрақтарға жауап беріп, екінші тапсырмада оқыған кітаптары желісі бойынша көріністер көрсетті. Келесі тапсырма бойынша шетел киноларынан үзінді қойып студенттер өз тапқырлықтарын көрсетте білді. Нәтижесінде кітапты ең көп оқыған үздік топ анықталып, Б. Соқпақбаевтың «Менің атым қожа » шығармасы жастар таңдап оқитын ең үздік кітап деп танылды. 


