Өмір сүру үшін өзгере білу керек
№12 кітапхана «Коворкинг» білім орталығында «Өмір сүру үшін өзгере білу керек» атты тренинг өткізіліп, жастар еркін пікірлесіп жүздесті. Жеке кәсіпкер Таңатар Ібісұлтанов табысқа жете білудің жолдары мен қыр-сыры жайлы, «Аманат» сақтандыру компаниясының бухгалтер-кассирі М.Яхияева жастар үшін өнер, білім-ғылымға ұмтылып, ой-сананы өркениеттілікке қарай түзеудің жастар үшін аса қажеттілігі туралы айтты. Санкт-Петербург университетінің 2 курс студенті Ө.Жаснұр көршілес мемлекет пен еліміздің жастары психологиясындағы айырмашылық, озық ойлы қазақ жастары жайлы өз ойын ортаға салды. Студент келешек информатик Р.Сермаханов жастардың ой-өрісін дамытудағы ғаламтор желісіндегі пайдалы ақпараттармен ғибратты әңгімелерді мысалға келтірді. Жас ұрпақтың жемісті табысы, жарқын болашағы, бәсекеге қабілеттілігі, озык ойлы, саналы азамат болуы өзімізге тікелей қатысты деген пікірде жастар ортақ пікірде ой қорытты.



