Спорт-денсаулық кепілі
№12 кітапхана «Коворкинг» білім орталығында «Спорт-денсаулық кепілі» атты ауызша журнал еркін форматта қала жастары қатысуымен өткізілді. «Жастар және спорт», «Өз саулығың өз қолыңда» тақырыптары бойынша журнал беттері бейнероликтер арқылы ашылып түсіндірілді. Қазақ гуманитарлық заң және техникалық жоғары колледжі, жастар ісі жөніндегі комитет меңгерушісі Т.Меңдібай жастардың спортқа қызығушылығы мен күнделікті қолданысын, Қазақстан - Қызылорда телеарнасының режиссер Б.Дәуір, «Сыр Медиа» тілшісі А.Тағыберген қазақ спортының дамуы мен жастар жетістіктері туралы айтты. Ашық ойларымен еркін пікірлескен жастар өздері айналысатын спорт түрлері мен денсаулықтарына пайдасы туралы бөлісті.

