Мен елімнің ертеңімін
№12 кітапхана «Коворкинг» орталығында балаларға шын көңілден шаттық, көңіл-күй сыйлап, мейірімділікке баулу, шығармашылық қабілеттерін шыңдау мақсатында «Мен елімнің ертеңімін» атты экскурсия жүргізілді. Экскурсияға №197 мектеп жанында ашылған «Балдаурен» атты лагерінің оқушылары қатысып, туған жер, бақытты балалық шақ, достық, ән шырқап, би билеп, ертегілер оқып, шараның қызықты өтуіне өз үлестерін қосты.




