Рәміздерім-ел мақтанышы
№12 кітапхана «Коворкинг» орталығында 4 маусым Рәміздер күніне орай «Рәміздерім-ел мақтанышы» атты әдеби дайджест өткізілді. Әнұранымен басталған шара барысында мемлекетіміздің негізі нышандары рәміздердің шығу тарихы, маңыздылығымен құрылымы туралы кеңінен мәліметтер беріліп, сұрақтарға жауап берді. Оқырмандар оқуына рәміздерге байланысты әдебиеттер, анықтамалықтар, мерзімді басылым беттеріндегі мақалалар мен балаларға арналған қызықты журналдар ұсынылды. Шара соңында оқырмандар караокемен ән шырқады.

