Жаңа дәуір жаршысы

     А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхананың  «Coworking» орталығында   С. Ысқақов атындағы Қызылорда Құрылыс және Бизнес колледжі студенттерінің  қатысуымен Н.Ә.Назарбаевтың  мемлекетті басқару қызметінің  30 жылдығына орай «Жаңа дәуір жаршысы» атты тақырыптық кеш өткізілді. Жастар қауымына   Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың туып өскен жерімен  өмір жолы   айтылып,  еліміздің тарихы,   Елбасы қызметі жайлы    бейнероликтер көрсетілді.  Қазіргі таңдағы жастар саясаты және олармен атқарылып жатырған жұмыстар, Елбасымыздың ел үшін жасаған ерен еңбегі мен жастарға көңіл бөлуі туралы ой-пікірлер өрбітілді.  Кітапхананың белсенді оқырмандары  қазақтың дана кемеңгер ұлына қазақ ақындарының  арнау өлеңдерін оқып,  «Елбасы – Мәңгілік ел көшбасшысы»атты кітап көрмесімен танысты. Тақырыптық кеш жастар қауымының орындауымен  еліміздің Әнұранымен аяқталды. 

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам