Батырлар жыры- ерліктің үні
Ауыз әдебиеті шығармаларының халыққа көп тарағандарының бірі – батырлар жыры. Ол ескі заманнан келе жатқан мұра. Бұл жырды әуелде белгілі ақындар шығарса да,ол кезде жазу болмағандықтан, ол авторлардың аты жөні ұмытылып, халықтың игілігі болып кеткен. Батырлар жырын айтушылар да бізге жеткізушілер де жыршылар. « Алпамыс батыр» жыры – қазақ халықының батырлар жырының ішіндегі көне жыр. Биыл «Алпамыс» дастанының жарық көргеніне 110 жыл толуына байланысты № 12 кітапхана « Коворкинг» орталығында «Кітап құрттары» ұйымының жетекшісі Талғат Меңдібай және қала жастарының қатысуымен « Батырлар жыры- ерліктің үні» атты жыр марафоны болып өтті.Мақсаты: Қазақ халықының ертеден келе жатқан ауыз әдебиетін насихаттау, сол арқылы жастарды ұлттық рухта тәрбиелеу, өскелең ұрпақтың шығармашылық және зияткерлік қабілетін арттыру. Жырдың негізгі идеясы ерлік пен бірлік. « Төртеу төгел болса төбедегі келеді» деген аталы сөздің қадір- қасиетін ұғындыру.

