Ата-заң тұрақтылық кепілі
№ 12 кітапханада орналасқан «Коворкинг» орталығында «Ата-заң тұрақтылық кепілі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Шараға қатысушыларға еліміздің заңдары мен тәртіп ережелерін білу, оны орындау, жастарды еліне адал еңбек етуге, өз құқығын білуге тәрбиелеу. Шара барысында кітапханашы Ә. Жолмырзаева Конституцияда ел азаматтарының құқығы мен міндеттерін айқын көрсетілгендігі, заңды құрметтеу және оны тереңнен оқып білу әрбір азаматтың парызы екенін түсіндіріп айтып өтті.

