«Коворкинг» орталығы ашылды.
«Коворкинг» орталығы ашылды.
Елбасының «Болашаққа бағдар;рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі –халықтың білімге деген құштарлығын арттыру болып табылады. «Нұр Отан » партиясы еліміздегі кітапханалардың қызметін жаңғыртып, оларды жаңа заманға сай коворкинг орталық ретінде қайта құру жобасын ұсынды.Осындай жобалардың аясында қалалық №6 кітапханада «Коворкинг» орталығы ашылды. «Коворкинг»-білім мен ғылымға ұмтылған жастардың бас қосар рухани орталығы. Жастарды тұлға ретінде қалыптастыру, бос уақыттарын тиімді пайдалануды ұйымдастыру, кітапқа деген қызығушылығын арттыру кітапхана қызметтерінің негізгі бағыттары.Салтанатты шараны қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Сая Жамбылқызы құттықтау сөзбен ашып, қазіргі кезеңде «Коворкинг» орталықтарының жастардың отандық әдебиеттермен қатар әлемдік классика, қазіргі заманауи әдебиеттерді таңдап оқитын бірден бір тиімді жоба болатынына, түрлі форматта бірлесіп өткізілген іс-шаралардың жастардың ой-өрісін кеңейтіп, білімге ұмтылуға септігін тигізетініне зор сенім білдірді.

