Ертегілер еліне саяхат

    №13 кітапханада №11 мектептің жанынан құрылған «Ақ көгершін» атты күндізгі тынығу лагерде балаларға арналған «Ертегілер еліне саяхат» атты ертеңгілік өткізілді. Ертегі кейіпкерлерінің  сиқырлы кітаптардың ішінен  шығуларына, бүлдіршіндердің  «Қолшатыр, қолшатыр айнал, сиқырлы кітап ашыл!» деп айтқан  сиқырлы сөздері  көмектесті. Балалар ертегінің мейірімді батырлары мен зұлым кейіпкерлері жайлы білді. Жұмбақтар шешті, әдеби  викторинаға  қатысты, сүйікті ертегілерінің  кейіпкерлері  жайлы «Алдардың алдауы» туралы ертегілерін тыңдады. Шара соңында балалар «Ертегілер» әнін шырқады. 


Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам