Ең пайдалы тағамдар
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №14 Белкөл кітапханасы «Ең пайдалы тағамдар» атты онлайн денсаулық сағатын оқырман назарына ұсынады.
Мақсаты: кітапхана оқырмандарын тиімді әрі дұрыс тамақтана отырып, қоршаған ортаның зиянды әсерлеріне қарсы тұруға және көптеген созылмалы аурулардың алдын алып, өмір жасын ұзартуға болатыны бүгінгі таңда дәлелденгендіктен, отбасы мүшелерімен салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс тамақтануға шақыру.
Пайдалы тағамдар қатарына құрамында нәрлі заттары, фитохимиялық қосындылары, дәрумендері, минералдары, антиоксиданттары мен пайдалы майлары бар өнімдер кіреді. Денсаулықты кеселден қорғайтын өнім¬дер – мыналар: жидектер, атбұр-шақ, жаңғақ, қаймағы айырылмаған сиыр сүті, майлы балық, мал еті, жұ¬мыртқа, орамжапырақ, алма, сарым¬сақ пен пияз, анар және көк шай. Жеміс-жидек құ¬рамында қант аз, бірақ жасуша көп болады, сол себепті жидектер ең пайдалы өнім саналады. Майлы балық қан айналымы мен ми жұмысын реттейді. Алма – тіс, өкпе, қан қысымы ауруларына ем.







